Қазір Алматы аумағында 224 кәсіпорын тіркелген. Ал бағдарлама іске асырылғалы қалада 27-ге жуық азық-түлік өндірісімен айналысатын кәсіпорынға субсидия берілген. Жалпы, биыл кәсіпкерлерді қолдауға бюджеттен 4,3 млрд теңге, ал соның ішінде тамақ өнеркәсібін дамытуға 2,8 млрд теңге бөлінген.
«Бүгінде субсидия беру жүйесі барынша жеңілдетіп, кәсіпкерлерге ыңғайлы етіп жасалуда. Алдымен құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығынан, құжаттарды тексеру үшін арнайы жұмыс органға жіберіледі. Сосын оны комисся қарастырады»,- деді Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, Қарлығаш ӘБДІЖАППАРОВА.