БЖЗҚ экс-басшысы Ерденаевтың ісі сотқа тапсырылды

БЖЗҚ экс-басшысы Ерденаевтың ісі сотқа тапсырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаевтың ісі сотқа жолданды. Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, бұл іс бойынша 6 адам жауапқа тартылып жатыр. Оларға «мемлекеттің 5 млрд теңгеге жуық қаражатын талан-таражға салды, қомақты көлемде пара алды» деген айып тағылған. Мәселен, Ерденаев өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, Үкіметтің ақшасын мақсатсыз жұмсаған екен. Оның орынбасары Медет Дабырбеков бұл істе сыбайластық танытқан. Зейнетақы қорының департамент басшысы болған Муса Бахтовтың да қаржы жымқыруға қатысы бар. Одан бөлек, «Бузгул Аурум» серіктестігінің директоры Азат Найзағарин қор басшылығына үлкен көлемде пара берді деп айыпталып отыр. Күдіктілер биылғы жылдың қаңтар айында қамауға алынған еді. Олардың ісі енді Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотта қаралатын болады.            


Новости партнеров