Храпунов отбасына қатысты қылмыстық іс Калифорнияда қаралатын болды

Храпунов отбасына қатысты қылмыстық іс Калифорнияда қаралатын болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Храпунов отбасына қатысты қылмыстық іс Калифорнияда қаралатын болды. Еліміздің бұл шешіміне АҚШ-тың федералды апелляциялық соты қолдау жасағаны туралы Әділет министрлігі хабарлады. Еске салсақ, 2014 жылы Алматы әкімдігі шаһардың бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа, оның отбасына және АҚШ пен басқа да елдердегі компанияларына қарсы арыз түсірген болатын. Алматының экс-басшысы қала мүлкін жүздеген миллион долларға сатып, қаржысын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Храпуновтар өздерінің жалған мекемелері арқылы Калифорниядан 4 зәулім үй мен қымбат көлік сатып алған. Жымқырылған қаржының басым бөлігін олар америкалық кәсіпке салып отырған. 6 миллион долларды медициналық құрылғылар өндіретін кәсіпорынға жаратыпты. Одан бөлек 67,5 миллион долларды Нью-Йорктегі қонақүйлер желісіне жаратқан. Ал 4 миллионнан асатын қаржыны жергілікті банк шоттарында жинаған. Алайда, сол кезде Калифорния штатының аймақтық соты АҚШ-ты тергеу жұмыстарын жүргізуге тиімсіз орын деп тауып, жолданған шағым қайтарылып тасталған еді. Артынша Алматы әкімдігі мен Әділет министрлігі Калифорнияның апелляциялық сотына қарсылық танытқан болатын.  


Новости партнеров