Универсиадаға бағытталған бюджеттің бір миллиард теңгесі үнемделетін болды. Алматыдағы 2017 жылғы 28 қысқы универсиадаға дайындық және ұйымдастыру дирекциясы әлемге танымал компаниямен келісімге келді. 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін дүбірлі дода кезінде ресми серіктес ретінде меморандумға қол қойған компания барлық алкогольсіз сусындардың тасымалдаушысы болмақ. Ойындар уақытында олар, 850 мың литр сусын табыстайды. Сонымен қатар, бөтелке қаптамасында Универсиада логотипі бар арнайы серия шығарылады. Әлемдік сусындар брендінің серіктес болуы - ойындардың ұйымдастырылуына оң ықпалын тигізіп отыр,- дейді дирекция директоры. Бұған дейін, әуе тасымалдаушы, ұялы байланыс және логистикалық компаниялармен келісім жасалған-ды.
"Жалпы, ойындарға дайындық барысында алғашында айтылған бюджет екі есеге қысқарды. Осы уақытқа дейін көптеген компаниялармен келісімге қол жеткізу арқылы ойындардың операциялық бюджеті 1 млрд теңгеге қысқарып отыр. Бұған дейін 17 млрд теңге үнемделген болса, енді оған тағы үнемделген 1 млрд теңгені қосса болады",- деді «2017 жылғы XXVIII дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық пен оны өткізу бойынша дирекциясы» МҚ директоры, Наиль НУРОВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін