Елімізде білім беру жүйесіне пәнаралық оқыту енгізілмек

Елімізде білім беру жүйесіне пәнаралық оқыту енгізілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде білім беру жүйесіне пәнаралық оқыту енгізілмек. Енді жоғарғы оқу орындарының студенттері бірнеше мамандықты қатар игере алады. Бұл туралы Білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Оның айтуынша, пәнаралық оқыту екі бағытта өрбиді. Алғашқысы - мамандықты терең игеру. Ол мемлекет тарапынан қаржыландырылмақ. Ал, қосымша игеру ақылы түрде жүреді. Мұндай әдіс дамыған өзге елдерде бұрыннан қолданылып келеді.                  

«Енді студенттер оқытудың жеке бағытын өздері құрады. Мәселен, мамандықты қосымша игеруде, физик-білімгерлер заң ғылымдарына терең бойлай алады. Ал экономистер - құқық пен маркетингке негізделеді», - деді     ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.

Одан бөлек, үкіметтің отырысында еліміздегі дәрі-дәрмектердің шекті бағасын бекіту мәселесі де сөз болды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл жұмыс келер жылдың қаңтарына белгіленгенін айтты. Қазір арнайы заң жобасы әзірлен екен. Енді оны қоғам талқысына салып, түзетулер мен толықтырулар енгізу керек.

«Болшек саудадағы дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу туралы» заң жобасы дайындалды. Енді оны қоғам талқылауына саламыз. Кейін алдағы күзде Парламент мақұлдауына жолдамақпыз. Дәрі-дәрмектің шекті бағасын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бекітуді жоспарлап отырмыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.


Новости партнеров