Қызылордада көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті

Қызылордада көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада көпқабатты үй құлады. Оқыс оқиға кеше кешқұрым болған. Қала іргесіндегі қыстақтағы жатақхананың бір бөлігі қапыда опырылып, үйіндіге айналған. Абырой болғанда апаттан ешкім зардап шекпеген. Жергілікті билік өкілдері үйдің құлаған бөлігінде адамдардың тұрмағанын айтады. Қазір онда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Елуден аса тұрғын жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылыпты. Ең қызығы - құлаған үй осыған дейін апатты деп танылмаған. Әзірге баспананың опырылуына не себеп болғаны анықталған жоқ.


Новости партнеров