Алматыда желек отауға рұқсат беру 2 есеге азайған

Алматыда желек отауға рұқсат беру 2 есеге азайған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жасыл желекке оранған Алматыда ағаштарға ерекше күтім қажет. Қала басшысының орынбасары Ерлан Әукенов шаһарды көгалдандыруға қатысты өткен жиында осылай,- деді. Қазір Алматыда желек отауға рұқсат беру 2 есеге азайған. Ал, балталанған ағаштардың орнына егілетін теректер, бұдан былай тек белгіленген жерлерге ғана отырғызылады. Қала билігі осындай 10 орынды анықтап қойыпты. Аталған жерлер көгалды автоматты суару жүйесімен қамтылады. "Жаңа ағаштар отырғызылатын орындарды автоматты түрде суару жүйесі келесі жылы жазда іске қосылады. Қазір қалада қара ағаштан көп желек жоқ. Солардың орнын Алматыға көрік беретін ағаштармен алмастыру қажет",- деді Алматы қаласының әкімі, Ерлан ӘУКЕНОВ.

Новости партнеров