Алматы тауларында сел жүруі мүмкін

Алматы тауларында сел жүруі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тауларында сел жүруі мүмкін. Қала маңындағы 5 морена көлі тұрғындар үшін аса қауіпті саналады. Мұздықтардың еруі мен толассыз жауған жаңбыр жағдайды тіпті қиындатып жіберген. Сол себепті суды үздіксіз қолдан ағызуға тура келіп отыр. Құтқарушылардың айтуынша, сел жүру қаупі қыркүйек айының аяғына дейін сақталатын көрінеді.

«Мұздықтар еріген кезде су жиналмаған жағдайда, бұл көлдерді 3 рет босатып үлгерер едік. Жұмыстар жалғасып жатыр. Сел жүру қаупі маусымы шамамен 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Бір айтатыным, біз қолданып жатқан шаралар  өте тиімді. Биыл су тасқынын болдырмауға тырысамыз. Қатты жауын-шашын жаууы да ықтимал. Осының бәрі әсер етуі мүмкін», - деді ТЖД басшысы Серік ӘУБӘКІРОВ.

Қазір қала тек Талғар және Қарғалы бөгеттерімен қорғалған. Дегенмен сарапшылардың айтуынша, ең қауіпті таулы аймақтарға осы секілді тағы 2 нысан құру қажет. Оларды орнатуға бюджеттен 22 миллиард теңге жұмсалады.


Новости партнеров