Юбилейный" дүкенінің алдына субұрқақ орнатылды

Юбилейный" дүкенінің алдына субұрқақ орнатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматы әкімі Бауыржан Байбек өрттен кейін қайта қалыпқа келтірілген "Юбилейный" дүкеніне барып, көп қабатты тұрғын үйдің алдында жүргізілген абаттандыру жұмыстарына оң баға берді. Қала басшысы бұл жұмыс "Алматы - өмір сүруге қолайлы қала" жобасы аясында жасақталып жатқанын және жаңа гүлзар тұрғындар мен қонақтардың демалысы үшін өте тиімді екенін айтты. "Дастархан" желісі бас директорының айтуынша, дүкен мен 26 пәтерді қайта қалыпқа келтіру үшін 185 млн. теңге жұмсалған. Оның 30 миллионына гүлзар салынған. Жоспар бойынша, орасан шығын 4 жылда өтеледі. Ал өртенген дүкен болса жаңа жылда іске қосылады. Көрікті гүлзар үшін тұрғындар дән-риза. Еске сала кетейік, 10 мамырда "Юбилейный" дүкені өртке оранып, қызыл жалын 1100 шаршы метрді шарпыды. Жалын жоғары қабаттарға тез жайылды. Өрт сөндірушілер 120 тұрғынды шұғыл эвакуациялады. Қызыл жалынның кесірінен 26 пәтер мен бірінші қабаттағы дүкен мен кафе толық жанып кетті. "Біз дүкен мен оның көріктендіру жұмысын әлемдік талапқа сай жүргіздік, яғни, дүкен толықтай қайта жасақталды. 26 пәтер күрделі жөндеуден өтті. 2 фонтан қондырылды. Сонымен қатар жалпы көлемі 3 мың шаршы метр аумақты абанттандырдық",- деді "Дастархан" ЖШС бас директоры, Валерий МОСТОВОЙ.

Новости партнеров