Сағынтаев Алматыда жұмысқа орналасудың жүйесі туралы айтты

primeminister.kz
primeminister.kz
Бейнероликте келтірілген мәлімет бойынша ағымдағы жылы қалада 56 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында мегаполисте жұмысқа тұру жүйесінің қалай атқарылатыны туралы бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнероликте келтірілген мәлімет бойынша ағымдағы жылы қалада 56 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Оның ішінде 25 мың жұмыс орны «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы бойынша құрылады. Осы бағдарлама аясында жол жөндеу, қоғамдық кеңістіктер мен басқа да орындарды абаттандыру жобалары жүзеге асатын болады.

«Жұмыс іздеген қала тұрғындары қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Екі қолға бір күрек іздеген 27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде күзет компаниясына жұмысқа тұрған Дина Ерекешова бар», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Роликте баяндалғандай, Д. Ерекешова көп уақыт бойына жұмыс таба алмайды. Содан Жұмыспен қамту орталығына жүгінуді жөн көріп, аталған мекемеге барады. Мұнда ол қажетті барлық кеңестерді алады және ұсынылған бос орындардың ішінен өзіне керектісін таңдайды. Қазіргі кезде алматылық әйел күзет агенттігенде әкімгер болып жұмыс істеуде.

«Біздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында үш бағыт бар: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі», – деп хабарлады Алматы әкімі.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жұмыс іздеген қала тұрғындары қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. «Екі қолға бір күрек іздеген» 27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде күзет компаниясына жұмысқа тұрған Дина Ерекешова бар. Біздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында үш бағыт бар: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі. Биыл сол арқылы 56 мың адамға жұмыс беру жоспарда бар. Соның ішінде 26 мыңы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жүзеге асырылады. —— В поисках работы алматинцы обращаются в городской центр занятости, через который реализуются программы по созданию рабочих мест. Из обратившихся 27 тыс. соискателей работу нашли уже 13,5 тыс. горожан. Среди них Дина Ерекешова, устроившаяся в охранную компанию. Всего в нашем инструментарии в рамках программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек» три направления: общественные работы, социальные рабочие места и молодежная практика. В текущем году планируем охватить ими 56 тыс. человек, из них 26 тыс. — по «Дорожной карте занятости».

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)14 Июн 2020 в 8:04 PDT


Новости партнеров