Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты № 27 және 118 автобустардың бағыты өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы қаласының көлік холдингі хабарлағандай, «Әділет авто» ЖШС-нің №27 және «АлматыЭлектроТранс» ЖШС-нің №118 автобустары қозғалыс сызбасын уақытша өзгертті. Енді олар Алатау көшесімен жүріп бара жатқанда Сәбденов көшесіне бұрылмай, бірден Райымбек даңғылына дейін барады.
№27 автобус қолданыстағы сызба бойынша жүреді.
№118 автобус Райымбек даңғылынан Жуалы көшесіне бұрылады, содан кейін Жақыбаев көшесіне шығады, әрі қарай сызба бойынша жүреді. Кері бағыттағы қозғалыс өзгеріссіз қалады.
Дереккөзі: inform.kz