Алматы полициясы жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерісті түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрын хабарланғандай, 2024 жылғы 6 мамырда жол қозғалысы ережелеріне келесі түзетулер енгізілді:
1. «Бір» үздіксіз таңбалау сызығын кесіп өту жауапкершілігін өзгерту. Енді жалпақ үзіксіз тұтас бір сызықты (1.1 жол таңбасымен белгіленген) және/немесе басып озуға тыйым салынған (3.20 белгісімен белгіленген) бөлінген екі жолақты жолға өту қарама қарсы жолға шығумен теңестіріледі. Бұл бұзушылық 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен жазаланады;
2. елдімекендердегі автобустардың жылдамдығын 50 км/сағ дейін төмендету;
3. М3 санатындағы барлық көлік құралдары (автобустар) үшін маршруттық көліктер үшін бөлек бөлінген жолақтың болуы;
4. тірек-қозғалыс аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектердің жол инфрақұрылымына қол жеткізуіне мүмкіндік беру. Сонымен егер бұрын «Мүгедек» сәйкестендіру белгісін көлік құралына тек 1 және 2 топтағы мүгедектер қоя алатын болса, енді мұндай белгіні тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 3 топтағы мүгедектер де пайдалана алады. Естеріңізге сала кетейік, мұндай белгі мүгедектерге арнайы бөлінген тұрақтарда (мүгедектерге арналған тұрақ) тоқтауға, сондай-ақ автотұраққа тыйым салынған орындарға тоқтауға басым құқық береді.
Сонымен қатар жаңа жол белгілері қолданысқа енгізілді:
- 3.9.1. «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»:
- 5.8.6а - 5.8.6c «Параллель қозғалыс бөлігіне ауысу»;
- 5.8.6д, 5.8.6д «Параллель жүріс бөлігінің соңы»;
- 5.16.3 «Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі» және т.б.
Және жаңа сәйкестендіру белгілері:
- «Электромобиль»;
- «Газ жабдығы бар көлік».
Оқи отырыңыз: Павлодарда есірткі өндіретін жасырын орын анықталды