Алматыдағы жол белгілерінің бәрі бірдей талапқа сай ма

“Жол активтері ұлттық сапа орталығының” баспасөз қызметі
“Жол активтері ұлттық сапа орталығының” баспасөз қызметі
Алматы қаласында “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының” бақылауында 3000 шақырымнан асатын жол бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары Алматы көшелеріндегі жол белгілерін тексеріп, талапқа сай еместерін анықтады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі “Жол активтері ұлттық сапа орталығының” баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Жол активтері ұлттық сапа орталығының” Алматы қалалық филиалының мамандары қала көшелеріндегі жол белгілері мен таңбаларды тексере бастады. Себебі жолдағы қауіпсіздік үшін, жол апаттарын болдырмау үшін белгілердің маңызы зор. Зертхана мамандары арнайы құрылғылардың көмегімен белгілердің жарыққа шағылысу деңгейін анықтап, таңбалардың талапқа сай болуын қадағалауда.

"Жыл басынан бері ЖАҰСО Алматы қалалық филиалының мамандары қаладағы 108 жол белгілерінің жарық қайтару меншікті коэффициентінің көрсеткішін және орнату биіктігін арнайы құрал-жабдықтармен тексеріп, олардың ішінен жарық қайтару көрсеткіштері МЕМСТ 32945  талаптарына сәйкес емес 47 белгі және ҚР СТ 1417-2017 талаптары бойынша, яғни биіктігі бойынша 14 жол белгісінің сәйкес еместігі анықталды", деп жазылған баспасөз хабарламада.

Тексеру барысында анықталған олқылықтарды түзету туралы хаттама мердігерлерге, жол қауіпсіздігіне жауапты ұйымдарға жолданады. Онда мердігер компания шұғыл түрде жол белгісін немесе таңбаны талапқа сай етіп қайта жасауға міндеттеледі. Мамандардың сөзінше, жол белгілері қозғалыс қауіпсіздігі үшін өте маңызды қызмет атқарады.

Алматы қаласында “Жол активтерінің ұлттық  сапа орталығының” бақылауында 3000 шақырымнан асатын жол бар.


Новости партнеров