«Қазгидромет» РМК ауа райы болжамы дерегінше, Алматы қаласының аумағында 11-12 желтоқсан аралығында биіктігі 7 см дейін қар жауады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
11 желтоқсандағы ауа температурасы 2 градус аяз деңгейінде, түнде 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға дейін -10...-12, одан әрі 12 желтоқсандағы күндізгі кезеңде -20 градусқа дейін төмендейді.
Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 51 патрульдік бригаданың кезекшілігін ұйымдастырды, 962 жол жұмысшысы, 360 бірлік арнайы техника, оның ішінде 124 құм таратқыш, 31 қар тиегіш, 32 қар шығару үшін самосвал жұмылдырылды. Қажет болған жағдайда арнайы техниканың саны артады.
Ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолдарда абай болғаны жөн. Жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдық режимін сақтау, автомобильдер арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықты, қауіпсіз қашықтықты сақтау, жолда маневр жасау кезінде ұқыпты болу қажет.
Ауа райы қолайсыз болғанда қауіпті жағдай туындайды. Жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жылдамдықты азайтқан жөн. Жаяу жүргіншілерді көргенде өте мұқият болу керек. Өйткені қолайсыз ауа райы олардың да айналаны көру мүмкіндігін шектейді. Сондай-ақ қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеу үшін жүргізушіден көлігін арнайы белгіленген орындарға қоюын сұраймыз.
Еске салсақ жолдардағы, тротуарлар мен қоғамдық пайдалану орындарында қар сапасыз тазаланған жағдайда Whats App +7 (706) 689 8898 нөмірі арқылы жазуға болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі