Алматы тұрғындарын пайызсыз несиені алып, табиғи газға қосылу мүмкіндігін пайдалануға шақырады

открытые источники
открытые источники
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Әсет Масабаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тұрғындарын пайызсыз несиені алып, табиғи газға қосылу мүмкіндігін пайдалануға шақырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, халықтың әлеуметтік осал топтарын табиғи газға тегін қосу бойынша, сондай-ақ Халық банктен 300 мың теңгеге дейінгі сомаға пайызсыз несие алу арқылы қолдау көрсетуге бастама жасаған болатын.

Ә. Масабаев қала тұрғындарына осы акция туралы еске салып, тұрғындарды табиғи газға қосылуға шақырды.

«Көптеген адамдарда құжаттарға қатысты проблемалар бар. Қажетті құжаттар пакетіне: жеке куәлік, жер теліміне мемлекеттік акт, үйге техникалық паспорт кіреді. Тұрғындар белсенді атсалсып жатқан жоқ. Тұрғындар Халық банкіне (пайызсыз несие алу үшін) хабарласуы керек. Егер мүмкіндік болса, газды өзіміз де жүргізе аламыз», – деді ол.

Тұрғын 300 мың теңгеге дейінгі сомаға кепілсіз, пайызсыз несие алып, алынған соманы 18 ай ішінде қайтара алады. Қалада қосу бойынша орташа баға 148 мың теңгені құрайды. Оған жобалау, есептеу құралы, магистралды газ құбырынан үйге дейін жеткізу кіреді. Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін тұрғындар аудандық әкімдіктерге жүгінулері қажет.

«Әр тұрғын қай қазандықты, қандай көлемде қою керектігін өзі шешеді. Газ қазандығын орнату кезінде қауіпсіздік ережелерін ескеру қажет», – деп атап өтті Ә. Масабаев.

Ол газбен жабдықтауға қосылу қажеттілігі бар тұрғындарды жыл соңына дейін осы мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

Новости партнеров