К. Матыжанов қала әкімінің ұсынысы жайында – Бірауыздан қолдау табады деп ойлаймын

inform.kz
inform.kz
Бауыржан Момышұлы – тарихымызда ойып тұрып орын алатын тұлға
Жаңалықтармен бөлісіңіз

М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры  Кенжехан Матыжанов комиссия мүшесі ретінде «Достық» метро стансасына  Бауыржан Момышұлының есімін беруді қолдайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Almaty-akshamy.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, метро стансасының атауын өзгертудің екі себебі негізге алынды. Оның біріншісі – алдыңғы атауларында керемет мән болған жоқ.

«Мысалы, «Барыс» деген атауда аса бір маңызды ұғымды айшықтай қоймайды. «Достық» деген атау да жақсы. Дегенмен Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында орналасқан метро стансасына неге батырымыздың есімін бермеске?! Сондықтан Ұлы Отан соғысының майдангері, ел батырының есімін осы стансаның атауы ретінде бекіту бірауыздан қолдау табады деп ойлаймын», – дейді К. Матыжанов.

Институт директоры бұл орайы келіп тұрған  өте дұрыс ұсыныс. Әрі бұл ұсыныстың тарихи сананы қалпына келтіруге ықпалы өте зор деп есептейді.

«Кейін осы метро стансасымен қатынаған, атауын көрген адамдарда тарихи сананың қалыптасып, ұлттық намыстың жігерленіп, патриоттық рухтың, ұлттық мақтаныштың оянатынына сенеміз. Болашақта осы Бауыржан Момышұлының, Қарасай батырдың және тағы басқа батыр ұлдарымыздың, метро стансалары болсын, өзге де нысандарға болсын есімдерін беретін болсақ, келешек ұрпақ жүрген сайын, көрген сайын өнеге алады деген ойдамыз», – деді ол.

Новости партнеров