Алматыда Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі жалғасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2023 жылғы 19 қарашада сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы облысының 60 шаруа қожалығының қатысуымен екі күндік кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасады.
Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім түрлері (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 150 тонна, оның ішінде ет – 25 тонна, жеміс-көкөніс – 100 тонна, сүт – 10 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері - 10 тонна.
Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі «Шоқан Уәлиханов» алаңы, Қонаев көшесі мен Пушкин көшесінің арасы. Сонымен қатар, демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қаланың мына аудандарында да өтеді:
1. Гоголь-Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);
2. «Қазақфильм» шағын ауданы (Бостандық ауданы);
3. Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);
4. Меңдіқұлов көшесі мен Бектұров көшесінің қиылысы, Шевченко көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысы (Медеу ауданы).
Оқи отырыңыз: Алматыда ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылды