Б. Сағынтаев: Алмалы ауданының өз «Төлебайы» пайда болады

пресс-служба акимата Алматы
пресс-служба акимата Алматы
Қала әкімі «Бюджетке қатысу» жобасы арқылы тұрғындардың өздері таңдап алған қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы және «Бюджетке қатысу» жобасы аясында қолға алынған Алмалы ауданының коғамдық кеңістіктерін абаттандыру барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Б. Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында «Бюджетке қатысу» жобасы арқылы тұрғындардың өздері таңдап алған қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарының барысымен танысқанын жазды. Олар – Жамбыл атындағы сквер, Жамбыл көшесі бойындағы және Розыбакиев көшесі мен Қожамқұлов көшесінің қиылысындағы жасыл аймақтар. Мұнда жайлы орындықтар, тренажерлік кешендер қойылып, ойын алаңдары, гүлзарлар жасалуда, жаяу жүргінші жолдары абаттандырылуда.

Алматы әкімі «Тастақ» ықшамауданындағы Прокофьев көшесін жөндеу жұмысының барысымен танысты. Мұнда ойын және спорт алаңдары, демалатын орындары бар заманауи жаяу жүргінші аймағы салынады. Жоғарыда аталған көше қайта жаңарған Дүйсенов көшесімен қилысады, мұнда да өткен жылы жайлы жаяу жүргінші аймағы пайда болған еді.

«Осылайша Алмалы ауданының осы бөлігіндегі тұрғындардың өз «Төлебайы» пайда болады», – деп атап өтті қала әкімі.

Б. Сағынтаев жұмыс сапары кезінде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынған Гагарин бульварының Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі аумағының және Мақатаев атындағы сквердің қалай жөнделіп жатқанын көрді.

«Бұл сквер шығармашыл зиялы қауымның, жас ақындар мен жазушылардың мекеніне айналуы тиіс. Тіпті мұндағы атмосфераның өзі шығармашылыққа шабыттандыратындай жағдай жасау міндетін қойдым», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Ағымдағы жылы Алмалы ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша 15 жоба іске асатын болады, ол үшін 240 млн теңге бөлінген. Айта кетерлігі, скверлер мен жасыл аймақтарды, аулаларды жөндеу, қозғалысы шектеулі  азаматтар үшін жер асты өтпелі жолдарға көтергіш тетіктерді орнату бойынша бірқатар жобалар да жүзеге асады.



Посмотреть эту публикацию в Instagram

09.06.2020 Алмалы ауданы. Жұмыс сапары барысында «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғындар таңдаған қоғамдық кеңістіктің абаттандыру жұмыстарымен таныстым. Бұл — Жамбыл атындағы сквер, Жамбыл мен Розыбақиев және Қожамқұлов көшелерінің қиылысындағы жасыл аймақтар. Мұнда ыңғайлы орындықтар, жаттығу кешендері, ойын алаңдары, гүлзарлар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы салынуда. «Тастақтағы» Прокофьев көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерде Дүйсенов көшесіндегі сияқты тағы бір жайлы жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады. Ондағы жөндеу жұмыстары өткен жылы жүргізілген еді. Осылайша Алмалы ауданының осы бөлігіндегі тұрғындардың өз «Төлебайы» пайда болады. Сондай-ақ, Абай даңғылынан Төле би көшесі аралығындағы Гагарин бульварындағы және «ЖҚЖК» бағдарламасы бойынша Мақатаев атындағы сквердегі жөндеу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын көрдім. Бұл сквер шығармашыл зиялы қауымның, жас ақындар мен жазушылардың мекеніне айналуы тиіс. Тіпті мұндағы атмосфераның өзі шығармашылыққа шабыттандыратындай жағдай жасау міндетін қойдым. —— Алмалинский район. Во время рабочего объезда ознакомился с ходом благоустройства общественных пространств, выбранных жителями по проекту «Бюджет участия». Это сквер им. Жамбыла, зеленые зоны по ул. Жамбыла на пересечениях с ул. Розыбакиева и Кожамкулова. Устанавливаются удобные скамьи, тренажерные комплексы, игровые площадки, разбиваются цветники, обустраиваются пешеходные дорожки. Ремонт ведется и на улице Прокофьева в мкр. «Тастак». Здесь будет создана еще одна комфортная пешеходная зона, как на пересекающейся с ней улице Дуйсенова, отремонтированной в прошлом году. У жителей этой части Алмалинского района появится своя «Тулебайка», чему будут рады и взрослые, и дети. Также осмотрел, как идет ремонт бульвара Гагарина от пр. Абая до ул. Толе би, сквера им. Макатаева, ведущийся по программе «ДКЗ». Сквер должен стать местом притяжения творческой интеллигенции, молодых поэтов и писателей. Поставил задачу создать здесь такие условия, чтобы сама атмосфера этого места вдохновляла на творчество.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)9 Июн 2020 в 2:53 PDT

Новости партнеров