Алматы қаласы Туризм басқармасы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысында айтылған талаптарға сәйкес санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ережелерді және нормаларды сақтап жүрген орналастыру орындарына «Тексерілді! Мұнда таза және қауіпсіз!» белгілерін табыс етеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мониторинг жүргізу мақсатында құрамында Алматы қаласы әкімдігінің және «Қазақстан қонақүйлері және мейрамханалары қауымдастығы» ЗТБ өкілдері бар жұмыс тобы құрылды.
Алматы қаласы Туризм басқармасының хабарлауынша, топ өз жұмысын 2020 жылдың 5 маусымында бастады. Novotel Almaty, InterContinental Almaty, Rahat Palace Hotel, Rixos Almaty және «Almaty» қонақүйлері тексерілді.
«Қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсету саласында қауіпсіздік маңызды. «Тексерілді! Мұнда таза және қауіпсіз!» белгісінің болуы мекеменің санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ережелерді, нормаларды сақтайтынына және қауіпсіз екеніне кепіл болады», - делінген ақпаратта.