«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 9741 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылғы 10-31 наурыз аралығында «Алматы Жастары» қалалық бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттарды қабылдау жүргізілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысуға 9741 өтініш қабылданды, оның ішінде:
· Денсаулық сақтау саласы бойынша: 2614;
· Білім беру саласы бойынша: 3560;
· Мәдениет саласы бойынша: 348;
· Спорт саласы бойынша: 98;
· ЖОО мен ҒЗИ саласы бойынша өтініштер берілді: 1103;
· Әлеуметтік сала бойынша: 715;
· БАҚ саласы бойынша: 172;
· Құқық қорғау органдары саласы бойынша: 1131.
Өтініштерді қабылдау электрондық цифрлік қолтаңба арқылы электронды түрде www.almaty-zhastary.kz сайтында жүзеге асырылды. Ұпайларды есептеу үшін электрондық калькулятор енгізілген. Оған қоса тапсырған өтініштің жағдайын сайттағы кабинеттен өздігінен бақылау мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні тапсырған өтініштерді жүктеу және олардың бағдарламаның талаптарына сәйкестігіне тексеру іске асырылып жатыр. Кейіннен әр санат бойынша ең жоғары ұпайлардың негізінде тізім қалыптастырылады.
Тұрғын үй қарыздарының берілуінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында іріктелген, резерке енгізілген және қайтарылған қатысушылардың тізімдері өтінімдерді қабылдау сайтының сәйкес бөлімдерінде орналастырылатын болады.
Бағдарлама бойынша 1000 азаматты қамту жоспарланған.
Іріктелген үміткерлерге «Отбасы банк» АҚ арқылы төлем қабілеттілігін растау үшін өтінімдерді қабылдау сайтындағы кабинетке жолдама беріледі. Тұрғын үй қарыздары төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушыларға жалпы қарыздың 10 % болған жағдайда 5%-бен 18 млн. теңгеге дейін бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй алу үшін беріледі.