Алматыда «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 200-ге жуық әлеуметтік нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Almaty.tv
Almaty.tv
Мақсат – Президент бекіткен бағдарламаның жүйелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 200-ге жуық әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан нысандардың біразын бүгін Nur Otan партиясы қызметкерлері аралап көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсат – Президент бекіткен бағдарламаның жүйелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Мәселен қаладағы мына №54 мектеп-лицейге 1938 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. 800 балаға шақталған білім ордасының құрылысы келесі жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Тарихы өте бай. Соғыс кезінде госпиталь болды, одан қыздардың мектебі болды.. Май айынан басталып кетті жұмыстар, өздеріңіз көргендей қазір жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Келісімшарт бойынша сәуірде өткіземіз деп отыр», – деді  № 54 мектеп-лицейінің директоры Ербол Баеков.

Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 100 млрд бөлінді. Оның 75 млдр теңгесіне құрылыс заттарын сатып алу жоспарланып отыр. Ал, материалдар отандық өнім болуы тиіс. Мамандар бұл өз кәсіпкерлеріміздің жұмысы алға басуына үлкен мүмкіндік деп отыр.

«Ең басты талап – әлеуметтік нысандар сапалы болуы керек. Екінші талап –қазақстандық мазмұн. Үшінші талап – құрылыс материалдары отандық өнім болуы керек. Төртіншісі – ертең әртүрлі санттағы балалар оқуы мүмкін. Кемтар, мүгедек балалар бар. Оларға жағдай жасалуы керек», – деді  Nur Оtan партиясы Алмалы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қалтай Батхолдин.

Новости партнеров