Алматы қаласы аудан әкімдерінің халыққа есеп беруі басталды. Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков жыл бойы атқарылған жұмысты тізбектеп, алдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тұрғындармен кездесуде аудан басшысы есептік кездесуді әдеттегідей судыратып оқудан емес, халықтың мұң-мұқжатын тыңдаудан бастады.
"Кеш жарық! Бүгін №149 мектепте Әйгерім-1, Әйгерім-2 ықшамауданы тұрғындарымен кезекті есептік кездесуді жүргізіп жатырмыз. Бұл жалпылама өзіміздің бекітілген кесте бойынша жүріп жатыр. Алатау ауданында 23 елдімекен болса, соның бәрін қамтып, жыл қорытындысы бойынша әр ықшамауданда осындай елдімекенде кездесулер өтіп жатыр. Жалпылама бұл кездесудің мақсаты – әкімшілік пен тұрғындардың, белсенді азаматтардың арасындағы диалогты нығайтып құру. Халықтың ең басты назарында болып тұрған сұрақ осы ықшамаудандағы су және канализация мәселесі. Көп жылдан бері кәріз құрылысы жүріп жатыр. Биылғы таңда бұл жұмыстардың бәрін "Алматы Су" мекемесі жүргізіп жатыр. Биыл жобамыз түзетулерден өтіп, жұмыс қарқынды жүргізілетін болады. Одан да бөлек, тұрғындарды мазалап тұрған сұрақтың бірі жаңбыр жауған кезде арық жүйесі. Бұл жұмыстар наурыз айында, қыс мезгілі біткеннен кейін көктемдік құрылыс науқаны басталған кезде осы жұмыстар қайтып жанданатын болады. Алатау ауданы қарқынды дамып келе жатыр. Инфрақұрылымы дамып келе жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап санаған кезде қыркүйек айынан бастап санағанда Алатау ауданында бүгінгі таңда 5 мектеп іске қосылды. Жалпылама 7800 мектеп орны тапшылығын жойып, осындай мектептер салынып, қолданысқа пайдалануға берілді. Одан бөлек 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы бастаған "Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында 5 мектептің құрылыстық жобасы жүзеге асып, сол жұмыстар басталатын болады осы жылы. Нақты құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады", – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.
Алматыға жаңа қосылған аудандарға қала басшы да ерекше назар аударып келеді.
"Әйгерім ықшамауданына келетін болсақ, бұл Әйгерім 1,2-де халықтың бюджетке қатысу бағдарламасы аясында 3 жоба жүзеге асырылады. Бұл Рысқұлова мен Охрименко, Текес көшесі 35 мекенжай бойынша балалар көп ойнайтын алаңдарға қолайлы жағдай жасалуын тұрғындар сұрап жатады. Осындай инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысаны бар. Алатау ауданы тұрғындарының ең басты сұрағы осы бағытта қойылып жатыр", – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.