Қала тұрғындары музыкалық концертті тамашалауға мүмкіндік алды
Алматыда Наурыз мейрамы жалғасып жатыр. «Авиатор» стадионында Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері мен Түрксіб ауданының тұрғындары қатысқан мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Бағдарлама аясында ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сағаты өтіп, келушілер дәстүрлі астан дәм татты. Қала тұрғындары музыкалық концертті тамашалауға мүмкіндік алды.
«Өзіміздің төл мейрамымыз 22 наурыздан бастап табиғат та, жан-жануар да ояна бастайды. Біздің жаңа жылымыз осы табиғаттың түлейтін сәтіне тура келеді. Сондықтан менің ойымша мұның мән-мағынасы зор», - деді «Алматы халықаралық әуежайы» жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Данияр Алтыбаев.
«Халықаралық Алматы әуежайында жыл сайын қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында Наурыз тойын осылай дүрілдетіп өткізу дәстүрге айналған. Ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, қызметкерлер қазақтың салт-дәстүрін жас ұрпаққа дәріптейді. Наурыз –адалдықтың, тазалықтың, ауызбіршіліктің мейрамы. Халқымызға амандық, ашық аспан, шаттық көңіл тілейміз!» - деді қала тұрғыны Қарлығаш Сарыбаева.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда әлеуметтік деректердің цифрлық платформасы іске қосылды