Алматы жастары белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлымен кездесті

Бұл - "Артист" жобасы аясында қолға алынған шаруа

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы жастары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" ордерінің иегері, қазақ ән өнерінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Жұбаныш Жексенұлымен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

"Өкінбе сен" атты сырласу сағаты орталықтандырылған № 4 кітапханада өтті. Халықты әнімен әлдилеген қазақы болмыстағы әнші оқушыларға өз туындыларының мән-мағынасын терең ашып, көпшіліктің көңілінен шыққан әндерін жанды дауыста орындап, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.  

"Жобаның аясында менімен кездесу болды. Жастарға, ең бастысы, кітаптан алыстаманыздар дер едім. Әркім өз саласының әділ, шын, санаты биік, кәсіби маманы болуы керек. Тек әншілік, музыкант, артист қана емес, барлық салада, өз жұмысына адал қызмет ету керек", - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы.

Биыл кітапхана ай сайын өнер адамдарын осында шақырып, олардың шығармашылығын жастарға таныстыруды мақсат еткен. Бұл - "Артист" жобасы аясында қолға алынған шаруа. Мұндай мәдени іс-шаралар жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізеді.  

"Алматы кітапханаларында "Артист" жобасының аясында Жұбаныш Жексенұлымен кездесу өттіп жатыр. Бұл кездесудің форматы ерекше, оқырман, тыңдарман, көрермендермен бірлесе отырып концепциясы құрылды. Жалпы, "Артист" жобасы мен №4 кітапханаға биыл жетекші болып келгендіктен, енді қолға алынып жатыр", - деді Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №4 кітапхананың жетекшісі Әлия Іңкәрбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда 1200-ден астам жұмысшы мен 573 бірлік техника қар тазалауға жұмылдырылды

Новости партнеров