Алматыда 1 мамырға арналған мерекелік концерт өтіп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv

Мерекеге келген тұрғындар бір-біріне жылы тілегін арнап, "Береке-бірлігіміз мықты болсын!" деп ақжарма тілектерін  жаудырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматының көрікті Абай даңғылында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше көңіл-күйде өтіп жатыр. Таңнан бері даңғыл бойында халық жиналып, әртүрлі ұлт өкілдерінің өнерін тамашалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекеге келген тұрғындар бір-біріне жылы тілегін арнап, "Береке-бірлігіміз мықты болсын!" деп ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.  

"Бүгін нағыз бірлік пен достықтың мерекесі. Әр ұлттың өнерін көріп, бір сәтте бүкіл Қазақстанды аралап шыққандай болдық," — дейді шараға келген қала тұрғыны Айгүл апай.

Қолөнер жәрмеңкесінде шеберлер өз бұйымын ұсынып, ал дастархандарда бауырсақ, қымыз бен өзге де ұлттық тағамдардан дәм татқандар көп.

"Осындай күнде халықтың бірге күліп, бірге тойлағаны қандай керемет!" — дейді Ерлан есімді жігіт.

Сахнада түрлі ұлт өкілдері ортақ ән айтып, көпшілік бірге билеп, мейрамның шырайын аша түсті.

Оқи отырыңыз: Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қалай атап өтіледі

Новости партнеров