Алматыда «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті

пресс-служба АНК
пресс-служба АНК

Марафонға 500-ге жуық адам қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 мамырда Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күні аясында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шара еліміздің барлық өңірінде бір уақытта ұйымдастырылып, жалпыхалықтық сипатқа ие болды.

Марафон Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында өтіп, оған 500-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар қатарында этномәдени бірлестік өкілдері, Ассамблея серіктестері, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар болды. Олар 4 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті.

Марафон салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, елдегі ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған. Шара арқылы түрлі ұлт өкілдері бір мақсатқа бірігіп, қоғамдағы келісім мен ынтымақты паш етті.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай бастамалар азаматтық қоғам мен ұлттық бірлікті нығайтудың тиімді тетігі саналады. Алдағы уақытта бұл марафон дәстүрге айналып, кең ауқымды қоғамдық шара ретінде жалғасуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай тойланып жатыр

 

Новости партнеров