Алматыда заңсыз көлік жуу орны сүрілді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сот шешіміне сәйкес, иесі нысанды өзі бұзды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Самғау шағынауданындағы Аршалы көшесі, 2-үй мекенжайында орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету автожууының сүрілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеке тұлғаға тиесілі нысан рұқсат құжаттарынсыз салынған.

Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот заңсыз салынған нысанды сүру туралы шешім шығарды.

Сот шешіміне сәйкес, иесі нысанды өзі бұзды.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 69 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілді. Олардың қатарында «Мечта», KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да ғимараттар бар.

Оқи отырыңыз: Almaty Clean & Green: «Тазару күні» жалпықалалық экоакция өтеді

 

 

 

Новости партнеров