Іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің мамандары да атсалысты
Алматыда "Жас сақшы" тобы құрылды. Наурызбай ауданының №200 мектеп гимназиясында ұлттық мерекеге орай, оқушы-полициялар сап түзеді. Олардың міндеті – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, әрі оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қолын кеудеге қойып, көк байрақты желбірете ұстаған оқу ошағының шәкірттері сақшы қатарына кіргендеріне дән риза.
Айта кетейік, Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің мамандары да атсалысты.
"Енді жас сақшы тобын құрудағы мақсатымыз – жалпы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушыларды отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу", - деді №200 мектеп-гимназиясының директоры Айнұр Нұрымқызы.
Оқи отырыңыз: Республика күніне орай Алматы әуежайында туристерге қазақстандық шоколад ұсынылады