Қар жауады: Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдағы күндері қалың қар жауып, көктайғақ болатыны ескертілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының коммуналдық қызметкерлері қардың жауатынына қарқынды дайындалып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарлауынша, 22 қаңтарға қараған түннен бастап екі тәулік ішінде Алматыда қар жауады, кейде қатты жауады деп болжанып отыр.

Алдағы күндері көктайғақ болып, ауа температурасы:

  •   22 қаңтар түнде -7-ден -9°С-қа дейін, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін;
  •   23 қаңтар түнде -15-тен -17°С-қа дейін, күндіз -5-тен -7°С-қа дейін төмендейді.

Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшуде. Өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 204 құм таратқыш қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлерінде кезекші болады.

Негізгі магистральдық көшелер алдын-ала сұйық реагенттермен өңделеді. Тәулік бойы 624 бірлік арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарлануда.

Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде, түсулерде, көтерілулерде, жол айрықтарынан шығатын жолдарда қар көшкіндерінің уақтылы алдын алу және жою үшін 47 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.

Болжамды мұздануға, жолдардың жүріс бөлігіндегі қардың жайылуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және өткір маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз.

Аудандық әкімдіктерде  қар тазарту жұмыстарына тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін штабтар ұйымдастырылды.

"Құрметті жаяу жүргіншілер! Тротуарларда абай болыңыз, шатырлардан қар мен мұздың түсу қаупіне байланысты көпқабатты ғимараттардан алшақ жүрген жөн", - делінген басқарма хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қала әкімдігі "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша өтінім қабылдауды қорытындылады

Новости партнеров