Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Павлодарда өгей әкесі 2 жастағы қыз баланы ұрып, қос бірдей бұғанасын сындырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Анасы қызының абайсызда құлап жарақаттанғанын айтып, ауруханаға әкеліпті. Көрсетілген медициналық көмектен кейін олар үйіне қайтқан, алайда ертесі әйел адам баланың соққыға жығылғанын мойындаған.
Полиция аталған фактіні растап, күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.
"Мен баланы рентгенге жібердім. Онда қыз баланың екі бірдей бұғанасы сынғаны белгілі болды. Сондай-ақ маңдайында гематома байқадым. Анасы ойнап жүріп жарақаттанып қалғанын айтты. Ал келесі күні келіп, алған соққыларын қайта жазып беруді өтінді", - деді травматолог дәрігер Сергей Самец.
Оқи отырыңыз: Министр картоп бағасының қашан тұрақталатынын айтты