Ірі көлемді ағаш көшеттері экологияға бірден әсер етеді - сарапшы

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда 600-ден астам көшет отырғызылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының қоғамдық кеңістігіне екі мыңға жуық ірі көлемді ағаш отырғызылуда. Бұл туралы Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бағдарламасы аясында ірі көлемді ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биіктігі кемінде 6 метр, жергілікті питомниктерде өсірілген және климаттық жағдайларға бейімделген ағаштар Бұқтырма көшесі, Рысқұлов және әл-Фараби даңғылдарының бойына, сондай-ақ бірқатар қалалық скверге отырғызылады.

Жиембаев атындағы ҚазҒЗИ  өсімдіктерді қорғау және карантин бөлімінің ғылыми қызметкері Нұржан Мұхамадиеваның пікірінше, ірі көшеттер оңай бейімделіп, тамыр алады.

«Отырғызылған үлкен көшеттер – қарағай, қарағаш, шырша біздің климаттық жағдайларымызға бейімделген және эстетикалық көріністі ғана емес, сонымен қатар бос емес қалалық кеңістіктер бойындағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді», - деді ол.

Жалпы, алдағы айда қалада Сайын, Рысқұлов, Сәтбаев көшелерінің учаскелерінде, Көкжиек ш/а және басқа да қоғамдық кеңістіктерде 2 мыңға жуық ірі көлемді ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі таңда 600-ден астам көшет отырғызылды.

Ағаштардың ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету үшін отырғызу учаскелерінде ғалымдардың ұсыныстары бойынша жазда да, күзгі-қысқы кезеңде де қажетті минералды тыңайтқыштарды пайдалана отырып, күтім қамтамасыз етіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда пластикалық қақпақтарды жинау бойынша экоакция басталды

Новости партнеров