Балалардың 2013, 2016 және 2019 жылдары туғаны айтылды
Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залынан шыққан өрттен құтқарылған балалар №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Балалардың 2013, 2016 және 2019 жылдары туғаны айтылды.
2012 жылы туылған Ынтемак Б., жедел медициналық жәрдемнің тексеруінен кейін үйіне шығарылды, қазір ата-анасының бақылауында. Оның жағдайы жақсы деп бағалануда.
Сондай-ақ оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің психологы бір балаға жедел психологиялық көмек көрсетті.
Алатау аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Әділбек Жұмабаев «Алматы Аренадағы» өртті сөндіру туралы ақпаратты бөлісті.
"Өрт орнынаТЖД-нің 21 бірлік техникасы мен 81 жеке құрамы жұмылдырылды. Өртке қарсы әрекет ету уақыты 4 минутты құрады. Локализация уақыты – сағат 15:46, жою уақыты - сағат 15:52. Бір сөзбен айтқанда, өрт 25 минутта сөндірілді. Ал өрттің аумағы 40 шаршы метрді шарпыған. Спорттық матрастар жанып жатты. Аяқ киімдерді жинап, сақтайтын ағаш жәшіктер де бүлінген", - деді Әділбек Жұмабаев.
Айта кетейік, 25 қаңтарда сағат 15:15-те Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы Нұркент шағынауданы, 7 корпусқа жіберілді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда Алматыдағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында өрт шығып, соның салдарынан спорттық құрал-жабдықтардың жанып жатқанын анықтады.
Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер ғимараттан өз бетімен шығып үлгерген.
Айта кетер жайт, өрт балалардың отпен ойнауы себепті тұтануы мүмкін деген де нұсқа бар. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Өрт сөндірушілер "Алматы Аренадан" шыққан өртті жылдам сөндіріп, 4 баланы құтқарып қалды