3 баланы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ауруханаға жеткізді
Алматыдағы "Алматы Арена" ғимаратынан шыққан өрт орнында ТЖД психологы 1 балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 3 баланы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ауруханаға жеткізді.
"Өрттің себебін анықтау үшін өрт орнында сынақ өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде", - делінген ТЖД хабарламасында.
Айта кетсек, өрт жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатындағы спорттық инвентарьдан шыққан.
Оқи отырыңыз: Өрт сөндірушілер "Алматы Аренадан" шыққан өртті жылдам сөндіріп, 4 баланы құтқарып қалды