Алматыда инновациялық шығармашылық орталықтар мен инновациялық колледж құрылысына ақша бөлу жоспарлануда

Пресс-служба акима города Алматы
Пресс-служба акима города Алматы

Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылға дейін жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ағымдағы жылы  төрт инновациялық шығармашылық орталық ашылды, енді тағы екеуі салынады. Үш жылдық бюджеттің тиісті жобасын Алматы мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Алматыда қаланың жас тұрғындарының әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін 4 инновациялық шығармашылық және инклюзивті білім беру орталығы ашылды. Нәтижесінде алматылық оқушылар республикалық және 20 халықаралық олимпиадаларда 64 алтын медаль алды. 

Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылға дейін жалғасады. Осылайша, Вахтангов көшесі бойындағы Бостандық ауданында даму және шығармашылық орталығының құрылысы жалғасады және Алатау ауданындағы «Саялы» ш/а даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады. 

Бұдан басқа, келесі жылы Алғабас  ш/а инновациялық техникалық колледжінің құрылысы жалғасады, №2 гуманитарлық-педагогикалық колледж бен жатақханасы бар телекоммуникация және машина жасау колледжінің ғимаратына қосымша құрылыс салынады.

Оқи отырыңыз: Алматыда келесі жылы қандай көшенің құрылысы аяқталады

Новости партнеров