«Астана» халықаралық қаржы орталығы «Astana Finance Days-2023» (AFD) жыл сайынғы конференциясын өткізеді, биыл іс-шара 7 маусымда өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
2018 жылдан бері бұл іс-шара нетворкингке, сондай-ақ жалпы әлемдік және қазақстандық қаржы салаларының өзекті мәселеcін, үрдістері мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған платформа ретінде қызмет етіп келеді.
Биыл конференция «Қаржы нарығының алғы шебінде» ұранымен өтеді, мұнда 70-тен астам елден мемлекеттік органдардың өкілі, қаржы саласының сарапшылары, инвесторлар мен бизнес басшылары бас қосады.
Сіздерді мыналар күтеді:
-қаржы әлеміндегі 200-ден астам мықты шетелдік және қазақстандық спикерлер;
-халықаралық деңгейдегі сарапшылардың эксклюзивті ақпараты;
-нетворкинг және кәсіби байланыстарды кеңейту мүмкіндігі;
-қаржы саласының трендтері туралы өзекті пікірталастар;
-пайдалы шеберлік сабақтары мен АХҚО-ның жаңа жобалары
Конференцияның демеушілері – Visa, ITS, Freedom Broker, ERG, CICC.
Алдағы өтетін AFD бағдарламасы бес тақырыптық бағыттан тұрады:
1. «АХҚО өнімдері» бағыты активтерді басқаруды, қорларды басқаруды, инвестициялық резиденттікті, ислам қаржысын және т.б. қоса алғанда, АХҚО ұсынатын қаржылық өнімдер мен қызметтерге арналған.
2. «Юрисдикция және реттеу» – АХҚО юрисдикциясын практикалық қолдану, оның өңірлік ынтымақтастықтағы рөлі, АХҚО қаржы экожүйесінің тұтастығын қорғау тәсілдері, тәуекелдер мен ережелер, сондай-ақ криптовалюта және комплаенс талаптарына сай болу мәселелері жөнінде.
3. «Инновациялар және саланың әлеуеті» – финтех, цифрлық активтер, венчурлық капитал сияқты қаржы индустриясының инновациялары мен үрдістері және саланың әлеуетін дамыту туралы.
4. «Жасыл өсу» – «жасыл» экономиканың төмен көміртекті дамуы мен өсуі үшін орнықты қаржыландырудың жаңа құралдары, сондай-ақ ESG стандарттары бойынша ақпарат ашудың маңыздылығы, көміртекті қаржыландыру тетіктері және төмен көміртекті және әлеуметтік дамуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да шаралар туралы.
5. «Капитал нарықтары» – Қазақстанның макроэкономикалық перспективалары мен инвестициялық мүмкіндіктері, экономикалық тұрақтылықты қолдау және инфляциялық қысымды төмендету жөніндегі саяси шаралар, алдағы IPO және AIX эмитенттері бизнесінің ағымдағы жай-күйі жөнінде.
Сондай ақ Астана халықаралық форумы аясында АХҚО-ның бірқатар негізгі сессиялары өтеді:
1. Қаржы нарығының алғы шебінде: инновациялар және орнықтылық;
2. Орта дәліз: Еуразиядағы өзара байланысты нығайту;
3. Жаңартылатын энергия көздері және көміртегі бейтараптығы контекстіндегі көміртегі нарығының дамуы.
Қаржы саласының сарапшыларын, мемлекеттік органдардың өкілін, инвесторлар мен бизнес-көшбасшыларды инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу, нетворкинг және өңірдегі соңғы қаржылық үрдістер мен оқиғалар туралы ақпарат алмасу үшін AFD-2023-ке қатысуға шақырамыз.
Форумға тіркелу үшін https://astanafindays.org/ru/ сілтемесі бойынша өтіңіз.
AFD-2023-ке қатысты сұрақтар жөнінде afd@aifc.kz электрондық пошта мекенжайына хабарласыңыз.
Оқи отырыңыз: Қайтарымсыз грант: мемлекеттік бағдарламаға қандай өзгеріс енгізілді