Алматы әкімдігі қолға алған «Алматы Бизнес-2025» бағдарламасы нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда Almaty Finance 26 жобаны мақұлдаған. Cондай-ақ, құны 220 миллион теңге болатын, 60-қа жуық жұмыс орнын құруды көздейтін 9 жоба қаржыландыру кезеңінде тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Ал «Алматы» микроқаржы ұйымы 11 жобаны мақұлдаса, оның ішінде құны 77 миллион теңге болатын 7 жоба қаражат күтуде. Оның арқасында, 30 шақты азамат екі қолға бір күрек табады.
Айта кетейік, «Алматы Бизнес-2025» бағдарламасы шағын және орта бизнесті қолдауға бағыттылған. Алматы финанс 300 миллион теңгеге дейін, «Алматы» микроқаржы ұйымы 53 миллион теңгеге дейін несие беруге дайын. Қарыз 7 пайызбен 7 жылға беріледі. Ал Алатау мен Наурызбайда кәсіп ашамын деушілерге жылдық мөлшерлермесі 2 пайыз болады.