Қазақстаннан Қытайға жылына 11 млрд текше метр газ экспортталады

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Экспорт көлемін арттыру жоспары бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан газының Қытайға экспорты жылына – 11 млрд текше метр. Бұл туралы Алматыда журналистермен кездесу кезінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

 - Қазір біз жылына 11 млрд текше метрге дейінгі газ көлемі туралы айтып отырмыз, бірақ бұл көлем Қазақстанның газ өндірушілерінің мүмкіндігіне қарай жыл сайын реттеліп отырады, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол биыл индикативтік балансқа байланысты 4,5-5 млрд текше метр газ, кейін -11 млрд текше метрге дейін экспорттау жоспарланып отырғанын айтты.

Министрдің айтуынша, газ Батыс Қазақстанның кен орындарынан жеткізіледі. 

Оқи отырыңыз: Алматыдағы ЖЭС-2 2025 жылы газға көшіріледі

Новости партнеров