Өндірушілердің көтерме-бөлшек сауда базарларына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты заңнамалық нормалар белгілеу қажет. Премьер-министр Әлихан Смайылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңесте осылай деді. Өңірлер бойынша бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Алматыда 0,6%-ға, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға тіркелген. Кеңесте инфляцияны бақылаудың кешенді шараларын қабылдау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жекелеген көтерме-бөлшек сауда базарларында бағаны негізсіз көтеру байқалуда. Бұған жол бермеу керек. Түптеп келгенде бұл инфляцияға әсер етеді. Бұл салада мүмкін, қадағалау органымен бірге тәртіп орнату қажет. Жедел шаралардан басқа, өндірушілердің көтерме-бөлшек базарларына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты заңнамалық нормаларды белгілеудің жүйелі шараларын әзірлеу қажет», – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.