Мектептерде пәндік олимпиадалар жаңа форматта өте бастады

Almaty.tv
Almaty.tv
Мұндай жаңашылдық олимпиаданың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің мектептерінде пәндік олимпиада алғаш рет жаңа форматта өтіп жатыр. Енді балалар тапсырмаларды бұрынғыдай қағазда емес, компьютерде орындайды. Мұндай жаңашылдық олимпиаданың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Білім додасына 44 мыңнан астам оқушы қатысса, соның 4 мыңға жуығы Алматы қаласында бақ сынауда. Олимпиада 11 пән бойынша 9 бен 11-сыныптар арасында өткізіліп отыр.  

«Қазіргі кезде бір принцип жүйесінде «Бір оқушы – бір компьютер – бір камера» принципімен жүргізіледі. Бұрынғы кезде оқушының жұмыстарын мұғалімдер тексеріп отыратын болса, қазір электрондық формат арқылы тапсырмаларды ашады. Жұмыстар біткеннен кейін бәрі сканерленеді», - деді №178 мамандандырылған лицейдің директоры Қайратбек Шәдиев.

Интеллектуалдық сайыс жалпы білім беретін мектептер арасында, белгіленген бір мектептің базасында өтеді. Мәселен Алатау ауданында №178 мамандандырылған лицей қабырғасында 30-ға жуық мектеп оқушылары олимпиадаға қатысып жатыр. Аудандық кезеңнен мүдірмей өткен оқушылар ары қарай қалалық, республикалық және халықаралық кезеңге жолдама алады. 14 ақпанда басталған пәндік олимпиада ертең аяқталады.  

«Биылғы олимпиада ерекше. Себебі биыл бақылаушылар келіп отыр. Бақылаушылар Адалдық алаңынан, «Нұр Отан» партиясынан, қоғамдық бірлестіктерден келіп отыр. Барлығы жақсы өтіп жатыр. Әр кабинетке жеке-жеке сыныппен, жеке логин, парольдерімен бөлек отырғыздық», - деді Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Алатау ауданы бойынша аға әдіскері Әлия Смағұлова.

Новости партнеров