Астанада мемлекет пен бизнес өкілдерінің арасында ашық диалог өтті

Жиында келесі жылы күшіне енетін жаңа заң жобасы сөз болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада қаржы саласының мамандары бас қосқан форум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында келесі жылы күшіне енетін жаңа заң жобасы сөз болды. Қатысушылар арнайы салық тәртібі, банктік операциялар, сондай-ақ жаңа талаптармен қалай жұмыс істеу керек екенін талқылады. Форумның басты мақсаты да сол - мемлекет пен бизнес арасындағы ашық қарым-қатынасты дамыту, шағын және орта бизнес өкілдерінің салық пен заңға қатысты түсінігін кеңейту.

«Бұл – өте маңызды кездесу. Себебі мемлекет пен бизнес өкілдерінің арасында ашық диалог өтеді. Бұл үлкен қадам болмақ. Ертең Салық кодексінің екінші оқылымы өтетініне қарамастан, бүгін жиынға вице-министр Ержан Біржанов пен басқа да мемлекеттік қызметкерлер қатысады. Олардың кәсіпкерлердің пікірін есту үшін уақыт тапқанына ризамыз», – деді «Қазақстан салықтары» қауымдастығының төрағасы Екатерина Ким.

«Форумда бизнеске қатысты барлық проблеманы ашып айту керек. Банктерге, фармацевтикағада қосымша құн салығын енгізейін деп жатыр. Егер ҚҚС төлейтін болсақ, қарапайым халыққа пайыздар көрінетін болады. Өйткені әлемде қарайтын болсақ, ешбір мемлекетте қосымша құн салығы банктік, қаржы компанияларға ұсынылмайды. Корпаративтік табыс салығын 20 пайыздан 25 пайызға дейін көбейтейін деп жатыр. Яғни ол тікелей тұтынушыға, азаматтарға әсер ететін болады», – деді заңгер Әйгерім Ақниет.

Оқи отырыңыз: Үкімет заңсыз салынған құрылысты жасанды интеллект арқылы анықтайды

Новости партнеров