Ірі бизнесті несиелендіруге арналған кепілдік қоры құрылады

Рустам Қарағойшиннің айтуынша, қор жыл сайын 50 мыңнан астам жобаны қолдауға қауқарлы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде құны 7 миллиард теңгеден басталатын ірі бизнес жобаларға арналған кепілдік беру қоры құрылады. Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында «Бәйтерек» холдингінің басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Рустам Қарағойшиннің айтуынша, қор жыл сайын 50 мыңнан астам жобаны қолдауға қауқарлы. Сондай-ақ 2027 жылға қарай кепілдіктер портфелін 1 триллион теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп. Кепілдіктер өңдеу өнеркәсібі секторына беріледі. Ал бизнес үшін ақылы болмақ.

 «Жоба бастамашысы жоба құнының кемінде 20 пайыз мөлшерінде өзі қатысуы тиіс. Қажет болған жағдайда, «Qazaqstan Investment Corporation» кәсіпкерлерге үлестік қаржыландыру мүмкіндігін ұсына отырып және мемлекеттік саясат пен бизнестің инвестициялық міндеттемелеріне қойылатын талаптарды ескертіп, жобалар іске асуда толыққанды әріптес ретінде дамытуға көңіл бөледі. Жоба құнының қалған 80 пайызы екінші деңгейлі банктер мен «Қазақстан Даму банкінің» кредиті есебінен қаржыландырылады», – деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин.

Оқи отырыңыз: Банк картасын рәсімдеуге қойылатын талап күшейеді

Новости партнеров