Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения Президенті Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Ақорда
Ақорда

Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.

  • Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция - 14,4 мллрд доллар:
  • 7,1 миллиарды – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар;
  • 7,3 миллиарды – АХҚО қатысушыларының инвестициялары.
  • Қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.

Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.

Оқи отырыңыз: Ірі бизнесті несиелендіруге арналған кепілдік қоры құрылады

Новости партнеров