Қазақстанда қандай салалар қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазақстанда жоспарланып отырған салық реформасының егжей-тегжейі талқыланып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда қандай салалар ҚҚС-тан босатылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Мәжілістегі дөңгелек үстелде Қазақстанда жоспарланып отырған салық реформасының егжей-тегжейі талқыланып жатыр.

"ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлеме ұсынамыз. Жалпы белгіленген мөлшерлеме 16 пайыз болады, бұл - базалық мөлшерлеме. Екінші нұсқа - агроөнеркәсіп кешенін ҚҚС-тан толық босату. Бұл жағдайда ерікті есепке қою құқығын сақтаймыз. Яғни салық төлеуші ҚҚС төлегісі келсе, мұндай құқығы сақталып қалады. Сондай-ақ, 10 пайыз аралық мөлшерлеме қарастырылған. Парламентке түскен жобада бұл мөлшерлеме денсаулық сақтау саласына ұсынылды", - деді Әмрин.

Шенеунік кәсіпкерлермен кездесулер, әртүрлі алаңдағы талқылаулар арқылы халық пен бизнес өкілдерінен көптеген ұсыныс түскенін жеткізді. Соның ішінде азық-түлік өнімдеріне және тауарлардың басқа да санаттарына ҚҚС-ны төмендету бойынша бастамалар көтерілген.

Одан бөлек Салық кодексінің жобасында мына жағдайлар қарастырылған:

  • бұқаралық ақпарат құралдары мен агроөнеркәсіп кешені салаларын ҚҚС-тан босата отырып, ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру, оған қоса фарминдустрия, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін 10 пайыз мөлшерінде төмендетілген мөлшерлеме белгілеу;
  • ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою үшін шекті мөлшерді 20 000-нан 3800 АЕК-ке дейін төмендету (2025 жылы бұл - 14 941 600 теңге);

"Қазір бұл мәселелердің барлығы талқыланып жатр. Мәжілістегі бейінді топтың жұмысы аясында осы ұсыныстың барлығын егжей-тегжейлі қарастырамыз", - деп толықтырды шенеунік.

Оқи отырыңыз: Елімізде ең арзан баспананы қай қаладан сатып алуға болады

Новости партнеров