Қазақстандық креаторлардың жетістігі ел имиджіне оң әсерін тигізеді

Imagine Buddy/unsplash.com/
Imagine Buddy/unsplash.com/

Болашақта креативті индустрия экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылы Алматы облысында Energo University негізінде Қазақстандағы алғашқы Креативті индустриялар паркі және Астанада Бибігүл Төлегенова атындағы алғашқы креативті мектеп ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зияткерлік және шығармашылық ресурстарды қолдау мен оларды коммерцияландыру ұлттық стратегияның ажырамас бөлігіне айналды. Болашақта креативті индустрия экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы мүмкін. Бұл сала жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инновациялардың дамуына, мәдени әралуандыққа, әлеуметтік инклюзияға және тұрақты дамуға ықпал етеді.

Қазақстандық креаторлардың жетістігі ел имиджіне оң әсерін тигізеді. Бұл  саладағы танымал есімдер мемлекеттің жаһандық деңгейде танылуына ықпал етеді. Мысалы, Димаш Құдайберген, Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek), режиссерлер Тимур Бекмамбетов, Айсұлтан Сейітов, Әділхан Ержанов, суретшілер Қанат Нұртазин, Ескендір Өтепбаев, Сәуле Сүлейменова сынды есімдерді атауға болады. Олар – әлемдік деңгейде өз өнерімен танымал болған қазақстандық креативті индустрияның жарқын өкілдері.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда креативті экономика қалай дамып жатыр

Новости партнеров