Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 60 долларға дейін түсіп, бір күнде 3,98 пайыз төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, салық реформасы мен оның қоғамға ықпалы. Бұл – Бурабайда өткен Құрылтайда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген негізгі мәселелер. Маңызды басқосуда салық жүйесін жетілдірудің ел бюджетіне берері мен оның әлеуметтік салаларға тигізер әсері талқыланған. Сондай-ақ жиында экономиканың нақты секторына жұмсалатын қаржыны екі есеге көбейтіп, 8 триллион теңгеге жеткізу жоспарланғаны айтылды. Ал мамандар «экономиканың әлсіремеуі үшін мұнай бағасының да құбылмағаны абзал» дейді.
«Әлемде геосаяси жағдайда өзгерістер орын алып жатыр. Трамптың жүргізіп отырған тарифтік саясатына орай, қазіргі уақытта мұнайдың бағасы күрт құлдырай бастады. Бұрын соңды болмаған межеге дейін түсіп барады. Қазақстан экономикасына қандай әсері бар? Бұл сұрақтың жауабы меніңше халыққа түсінікті. Себебі экономикамыз мұнайға тәуелді. Мұнайдың бағасы төмендейтін болса, теңге әлсірейді. Бұл үдеріс орын алып жатыр. Тиісінше, импорттық тауарлардың бағасы қымбаттайды. Бұл халықтың төлем қабілеттілігіне әсер етеді», – деді экономист Мақсат Халық.
Оқи отырыңыз: Елімізде ажырасқандарға салынатын салық көлемі артатын болды