Германия карантинді 7 наурызға дейін ұзартты

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Қатаң локдаун режимі 16 желтоқсаннан басталған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Германияның Федералдық үкіметі елдегі карантинді 7 наурызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап гигиена ережелерін сақтау шартымен шаштараздарды ашу қарастырылған. Мектептерді ашу туралы шешімді федералды жер өкілдері қабылдайды. 

Германияда қатаң локдаун режимі 16 желтоқсаннан басталған болатын. Германия канцлері Ангела Меркель коронавирус мутацияларының таралуын еске салды: «Жаңа штамдарға байланысты үлкен белгісіздік бар, жаңа мутациялар туындап, вирус жоғалады. Біз жаңа вируспен өмір сүруіміз керек және оның әсерін әзңрге болжай алмаймыз, инфекциялар саны экспоненциалды түрде қайта өсуі мүмкін, сондықтан бақылауды қамтамасыз ету және мұқият болу керек». 

Сонымен бірге ДДҰ сарапшылары британдық-шведтік AstraZeneca вакцинасын қолдану туралы ұсыныстар жариялады. Вакцинаны 18 және одан жоғары жастағы адамдарға қолдануға болады. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге келетін болсақ, препараттың осы жас тобында қалай әсер ететіні туралы әлі жеткілікті мәліметтер жоқ. Қорытындыда коронавирустың жаңа түрлеріне қатысты алдын ала талдау осы вакцинаның тиімділігінің біршама төмен екенін көрсетті. 

ДДҰ-ның иммундау жөніндегі стратегиялық консультативтік тобының басшылары Алехандро Кравиото: «Вакцинаның әсіресе асқынған ауруға қарсы қорғаныс қабілеті төмендеген жағдайда оны аурудың жаңа түрлері тарап жатқан елдерде қолдануға болмайды деуге ешқандай негіз жоқ»,-деді. 

Бірақ Испания билігі 55 жастан асқан адамдарға AstraZeneca вакцинасын қолдануды жөн көрмеді. Нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау стратегиясына өзгерістер енгізді. Бұл препаратпен дәрігерлер, күш-қуат құрылымдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өрт сөндірушілер, әскери қызметшілер мен оқытушылар егіледі деп күтілуде.

Новости партнеров