Бас мемлекеттік санитария дәрігері «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Gov.kz сайтына сілтеме жасап.
2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында талап етіледі:
педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);
ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);
маска режимін сақтау;
рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті "кіру" сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);
бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);
мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;
бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту.
Сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде - сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады.
Ал колледждерде, жоғары оқу орындарында COVID-19 ауруының 1 инкубациялық кезеңінде бір ағын топтарының 30 пайыздан астамы тіркелген кезде - ағын 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.