Мәскеуде коронавирустан бір тәулікте 74 адам қайтыс болды

Фото: newokruga.ru
Фото: newokruga.ru
Бұл Ресей астанасында инфекция таралған уақыттан бергі ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресей астанасы Мәскеуде коронавирустан көз жұмған адамдар саны 74-ке өсіп, 1432-ні құрады, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәскеудегі коронавирус жағдайын бақылау және мониторинг жөніндегі жедел штаб мәлім еткен. 

«Мәскеуде пневмония диагнозы қойылған және коронавирус инфекциясына жасаған тесті оң нәтиже көрсеткен 74 пациент қайтыс болды», - деп жазған ТАСС агенттігі.

Штабтың мәліметінше, бұл қалада инфекция таралған уақыттан бергі ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш. Егер ЖРВИ кез келген белгілері пайда болса, үйде қалып, өздігінен емделмеу керек екенін еске салды. Мұндай жағдайда үйге дәрігер шақыру керек.



 

Новости партнеров