КВИ төсектер және медициналық техника туралы ақпарат беретін сервис ашылды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сервистердің толық мәліметтерін «Ашық деректер» порталының «Сипаттама» қосымша бетінен табуға болады.
Енді «Ашық деректер» порталының сервистерін пайдаланатын әзірлеушілер нақты уақыт режимінде COVID-19 науқастарына арналған медициналық ұйымдарда бос орындардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты көре алады. Сондай-ақ, қажетті медициналық техниканың болуын бақылай алады
Портал сервистерінде жарияланатын барлық ақпарат тұрақты негізде жаңартылып отырады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен ықпалдасудың арқасында қол жетімді болды. Бұл дегеніміз, осы сервистер мәліметтерді мемлекеттік органның деректер қорынан тікелей алады деген сөз.Деректер алмасу үшін JSON пішімі қолданылады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, мұндай мәліметтерді ұсынуға қабілетті сервистерді жариялау қазір өзекті, сондықтан басым міндет болып табылады. «Ашық үкімет» порталының көмегімен жас стартаперлер мен әзірлеушілерге азаматтарға пайдалы онлайн сервистерді құруға көмектесетін ақпаратқа қол жеткізуге бірегей мүмкіндік бар»,– деп толықтырды Ә. Тұрысов.
Осы сервистердің толық мәліметтерін «Ашық деректер» порталының «Сипаттама» қосымша бетінен табуға болады.
Сервистерге сілтемелер:
- КВИ бойынша нақты уақыт режимінде төсек қорының болуы: https://data.egov.kz/datasets/view?index=nakty_uakyttagy_medicinalyk_te;
- Нақты уақыт режимінде медициналық техниканың болуы: https://data.egov.kz/datasets/view?index=service_mz_od1.
Ашық үкімет идеясы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден маңызды мәліметтерді ұсынуға бағытталғанын атап өтуге болады."Ашық деректер" порталынан басқа: бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал ететін «Ашық бюджеттер»; әзірленіп жатқан заң жобалары мен НҚА жобаларын талқылау үшін «Ашық НҚА»; мемлекеттік органдар мен қоғам арасында сұрау салулар беру және интернет-конференциялар мен сауалнамаларға қатысу арқылы тиімді кері байланыс орнату үшін «Ашық диалог» порталдары қолжетімді.