Алматы облыстық соты тағы да карантинге жабылды

inform.kz
inform.kz
Облыстық сот және оның аумағында 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантин енгізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорған қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері 20 қаңтарда арнайы қаулы қабылданып,  облыстық сот және оның аумағында 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантин енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомствоның мәліметінше, соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне ауыса отырып, толығымен тоқтатылады. Ендігі сот отырыстары қашықтан өтеді.

«Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының кіруіне қатаң тыйым салынады. Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады. Тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтан қарайды» деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Новости партнеров